Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді Шымкент тұрғындары қоқыстың толып кеткенін QR-кодпен хабарлай алады

Жарияланған күні:

Шымкенттегі қоқыс
Шымкенттегі қоқыс. Фото: otyrar.kz

Шымкентте қоқыс толып қала беретін жәшіктердің маңына QR-код қойылып жатыр. Бұл әзірге пилоттық жоба. Егер тұрғындардың мәселесін шешуге көмегі тисе, барлық жерге қою жоспарланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, қалада қоқыс мәселесі өзекті. Мұны шешу үшін цифрлы контейнер пилоттық жобасы қолға алынды. Мәселен, Желтоқсан 88 мекенжайына QR-код қойылған. Мұнда телефонды жақындатсаңыз, 109 бірыңғай байланыс орталығының WhatsApp мессенджері ашылады.

Хабарламада бірден мекенжайы жазылған жазба пайда болады. Шағым ретінде 109 номеріне сол смс-ті жіберсеңіз жеткілікті. Арыз бойынша тапсырма бірден жауаптыларға жүктеледі. Жергілікті тұрғындардың бірі жаңа жобаның пайдасын көрдік десе, кейбірі енді ғана естіп жатқанын жеткізді.

"Негізі жиі тазалайды, бірақ тез толып қалады. Мына дүкендер, көлік жуатын орын қоқыстарын әкеп тастайды. Жан-жақтан да әкеледі. Мейрамханалар балық қалдығын тастайды. Мен өзім хабарласпадым. Көршілерім QR-код арқылы хабарласқан. Сол кезде келіп тазалап кетеді", - дейді қала тұрғындары.

Пилоттық жоба аясында қоқыс жәшігінің қасына камералар да қойылып жатыр. Мамандар бұл өрт қаупінің алтын алуға септігін тигізетінін айтады. Сонымен қатар заңсыз құрылыс заттарын тастаушылармен күресуде жақсы көмекші дейді цифрландыру басқармасының басшысы.

"Бұл жерде пилоттық жоба 2 сегментке бөлінген. Біріншісі, қоқыс жәшігінің толып кетуін қадағалау, одан кейін ол жерде болатын өрттерді хабарлап отырады. Өздеріңіз де білесіздер, көпқабатты үйлердің айналасында қоқыс жәшіктері тез толып кетеді. Бұған жеке сектордан адамдар келіп, өздерінің қоқыстарын немесе басқа да құрылыс қалдықтарын тастап кетуі себеп болып жатады. Ондай жағдайды болдырмас үшін жаңа жоба бойынша жұмыс істеуді қолға алдық", - дейді Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов.

Мамандардың айтуынша, бейнекамералар қою мәселені тез шешу үшін мекеме қызметкерлерін дер кезінде жіберіп отыруға мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156281-endi-shymkent-turgyndary-qoqystyng-tolyp-ketkenin-qr-kodpen-habarlai-alady/