Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Деструктивті діни ағым жақтаушылары ұсталды": ҰҚК бірнеше облыста арнайы операция жүргізді (видео)

Жарияланған күні:

Ұсталған адам
Күдіктіні ұстау сәті. Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен үш облыста терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде алты адам ұсталған, деп хабарлайды ҰҚК ресми сайтында.

ҰҚК ақпаратынша, тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді.

"Деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылатын Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталды. Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деп күдіктелуде", - делінген хабарда.

ҰҚК ақпаратынша, заттай дәлелдемелер табылды және алынды, оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар. Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған.

Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156481-uqk-elimizding-birneshe-oblysynda-destruktivti-dini-agymnyng-zhaqtaushylaryn-quryqtady/