Миллион теңгенің банкнотасы шыққаны рас па: желідегі видео жұрттың қызу талқысына түсті
Жарияланған күні:
Желіде номиналы 1 млн, 50 және 100 млн теңгелік банкноталардың видеосы тарап кетті. Аталған жайтқа қатысты Ұлттық банк баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Азат Бекболатов есімді желі қолданушысы түрлі купюралардың видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Бейнежазбалардың бірінде ер адам номиналы 1 миллион теңге болатын купюраны көрсетіп, оның ойынға арналғанын айтты.
"Мұндай купюра шығарса, теңге құлдырап жатыр", "Рас па?", "Мұндай жалақыдан және теңгенің құлдырауынан сақтай гөр", "Бізде Өзбекстандағыдай миллиондап төлейміз бе?", - деді жұрт.
Аталған жайтқа қатысты Ұлттық банк өкілдері пікір білдірді.
"Біз оның жалған купюра екенін растаймыз. Банкноталық қатар мен теңге номиналды банкноттар туралы ақпарат сайтта бар", - деді ҰБ баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156521-million-tenggening-banknotasy-shyqty-ma-zhelidegi-video-zhurttyng-qyzu-talqysyna-tusti/