Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 550 орындық жатақхана ашылды: мұнда кім тұра алады

Жарияланған күні:

жаңа жатақхана
Шымкенттегі жаңа жатақхана. Видеодан скриншот: turkistantv.kz

Білім алушылардың басты мәселелерінің бірі – тұратын жер. Осыған орай Шымкентте студенттер мен магистранттар, тіпті докторанттар да тұруға болатын жаңа жатақхана ашылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Turkistantv.kz арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, оңтүстікке оқуға келген студенттерге барлық жағдай жасалып жатыр. Күні кеше Шымкентте 550 орындық жатақхана ашылды.

Жаңа ғимаратта ірі оқу орындарының бірі саналатын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студент, магистрант, тіпті докторанттары да тұрады. Бұл жатақхананың бір ерекшелігі, қонақүй үлгісінде салынған. Бағасы адам басына есептелген, студенттің қалтасы көтереді.

Сондай-ақ студенттерге арналған оқу залы мен кинотеатр бар. Жатақхана оқу орнына жақын орналасқан. Шет жақтан келетін білім алушылар ғимараттың жабдықталуына да, бағасына да көңілдері толатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156584-shymkentte-550-oryndyq-zhataqhana-ashyldy-munda-kimder-tura-alady/