Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда АЭС салу бойынша өтетін референдумға қанша адам қатысады

Жарияланған күні:

АЭС
Атом электр станциясы. Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров брифингте Қазақстанда атом электр стансасының құрылысына қатысты дауыс беруге қанша адам қатысатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Константин Петров республикалық референдумда сайлау учаскелерінің екі түрі болатынын атап өтті. Олар: азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған және азаматтардың уақытша болатын жерінде құрылған сайлау учаскелері.

"Референдум учаскелерінің жалпы саны – 10 327, оның ішінде тұрғылықты жері бойынша 9 709 және уақытша тұру орны бойынша 618 учаске бар. Қазақстаннан тыс әлемнің 63 елінде 78 учаске бар. Референдум өткізуге қатысатын комиссия мүшелерінің жалпы саны 70 049 болады. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы республика бойынша 12 176 968 азамат референдумға қатысу тізіміне енуге құқылы", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл түпкілікті көрсеткіш емес, десе де ол негіз ретінде қабылданады.

"Жергілікті әкімдіктер шілде-тамыз айларындағы халықтың динамикасын ескереді және әрбір азаматтың референдумға қатысушылар тізіміне барынша толық және бір рет енгізілуін қамтамасыз ету үшін уақытша тұратын студенттерден, вахташылардан берілетін барлық өтінішті ескереді", - деп сендірді спикер.

Айта кетейік, Қазақстанда АЭС салу идеясын президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына былтырғы жолдауында айтқан. Ол өз үндеуінде атом энергетикасының экономикалық және саяси тұрғыдан ерекше маңызды екенін атап өтті.

2 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тоқаев АЭС бойынша 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156614-qazaqstanda-aes-salu-boiynsha-otetin-referendumga-qansha-adam-qatysady/