Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыдағы элиталы тұрғын үй кешенінің ауласындағы атыс: айыпталушылар ұзақ мерзімге сотталды

Жарияланған күні:

Дәрігерлер жберленушіні қарап жатыр
Оқиға орны. Фото: instagram.com/patriotkaragandy

2020 жылдың жазында Қарағандыда элиталы тұрғын үй кешенінде атыс болған еді. Осы іс бойынша екі ер адамға жаңа үкім шықты. Бұл туралы облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Соттың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 29 тамызда Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен екі адамға қатысты үкім шығарды.

Олар атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау және алып жүру, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен екі адамды өлтіруге оқталу, атыс қаруын қолданып бұзақылық жасау факті бойынша айыпталды (ҚК (ҚК-тің 287-б. 3-б.(2020 ж. редакциясында), 24-б. 3-б., 99-б. 2-б.1,6,7-т., 293б-б. 3-б. УК).  

Сот мәліметінше, 2020 жылғы 9 маусымда түскі уақытта сотталушылардың бірі Қарағанды қаласындағы CreenCityPark тұрғын үй кешенінде атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтап және өзімен бірге алып жүрген.

Сонымен қатар сол күні сотталушылар CreenCityPark тұрғын үй кешенінің дәмханасында түскі ас ішіп отырған кезде, шамамен сағат 12.43-те Жезқазған қаласының үш тұрғынын кездестірген және олардың арасында жанжал туындаған.

"Сол кезде айыпталушылардың бірі барсеткасынан пышақ алып шығып, оларды қорқытқан. Кафе қызметкерлері сыртқа шығуды өтінгеннен кейін бірінші болып далаға жәбірленушілер шыққан. Осы кезде олардың соңынан шыққан айыпталушының бірі қолына тапанша алып, сыртқы есікті ашып, жәбірленушілерге қарай оқ атқан. Осы кезде екінші сотталушы бірінші сотталушымен бірге "Наган" револьверімен жәбірленушілерге оқ атқан. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан жәбірленушілер оқ жарақаттарын алып, сүйектері сынған, олардың денсаулықтарына ауыр зиян келтірілген және сол тұрғын үйдің аумағында тұрған автокөліктер зақымданған", - делінген сот хабарламасында. 

Сотталушылардың кінәлары куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, заттай айғақтар, бейнебақылау камерасынан алынған жазбамен және басқа қымыстық іс материалдарымен дәлелденді.  

Прокурор айыпталушыларды тағылған айыптың барлық бабы бойынша кінәлі деп танып, әрқайсына 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Қорғаушы тарап бірінші сотталушының іс-әрекетін қылмыстық кодекстің 24-б. 3-б.-99-б. 2-бөлігінен 112-б. 1-бөлігі бойынша қайта саралауды сұрады. Екінші сотталушыынң қорғаушысы оны барлық тағылған айып бойынша ақтауды сұрады.  

"Дауыс беру қорытындысы бойынша алқабилер сотыбірінші сотталушыны қылмыстық кодекстің 24-б. 3-б., 99-б. 2-б. 1,6,7-т., 287-б . 3-б бойынша кінәлі деп танып, қылмыстық кодекстің 287-б. 3-б бойынша 3 (үш) жыл басбостандығынан айыру жазасы; қылмыстық кодекстің 24-б. 3-б., 99-б. 2-б. 1,6,7-т., бойынша 15 (он бес) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген сот хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы бірінші сотталушыны түпкілікті 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде белгіленді. 293-б 3-б яғни бұзақылық бабы бойынша кінәсіз деп танылып ақталды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша алқабилер соты екінші сотталушыны айыптаудың 24-б. 3-б., 99-б. 2-б.1,6,7-т., бойынша кінәлі деп танып, түпкілікті 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде белгіленді.

Іс бойынша сотталғандардың жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сотталушыларға тағылған айыптың ең ауыр бабы, атап айтқанда, ҚК-тің 99-б. 2-б. 1,6,7-т. санкциясы бойынша 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156628-qaragandydagy-elitaly-turgyn-ui-keshenining-aulasyndagy-atys-aiyptalushylar-uzaq-merzimge-bas-bostandygynan-aiyryldy/