Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдан анасымен сапарлап келген 12 жастағы турист жоғалып кетті: полиция іздеу нәтижесін хабарлады

Жарияланған күні:

Қызы мен анасы. Көрнекі фото
Қызы мен анасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы әуежайында Жамбыл облысының полицейлері іздестіріп жүрген Қытайдан келген қыз табылды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көліктегі полиция департаментінің сайтында Жамбыл облысында анасымен бірге Қытайдан келген кәмелеттік жасқа толмаған турист іздестіріліп жатқаны хабарланған.

"Арада біраз уақыт өткенннен кейін көліктегі полицейлердің қырағылығы мен жедел әрекеттерінің арқасында кешкі сағат 20:00 шамасында әуежайды патрульдеу кезінде 13 жастағы ҚХР азаматшасы Мия Ю Тинь табылды. Шетел  азаматшасы аман-есен табылды.

Қыз баланың жеке басын анықтағаннан кейін іздеу бастамашысы хабардар етіліп, ол анасының қолына тапсырылды", - делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Семейде 13 жастағы бала жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасының мәліметінше, 2010 жылы туған Турбаев Роман Александровичті іздеуге көмек көрсету туралы өтініш келіп түскен. Полиция департаменті өкілдері тұрғындардан 2010 жылы туған Турбаев Романды іздестіруге жәрдемдесуді сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156740-qytaidan-anasymen-saparlap-kelgen-12-zhastagy-turist-zhogalyp-ketti-politsiia-izdeu-natizhesin-habarlady/