Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Lavina кедергілерді жояды: қазақстандық олимпиадашыларды қолдау акциясының қорытындысы

Жарияланған күні:

Lavina кедергілерді жояды
Сурет: Lavina

Париждегі Олимпиадада бақ сынайтын қазақстандық спортшыларды қолдауға бағытталған акция кезеңінде Lavina энергетикалық сусынының 1 миллионнан астам құтысы сатылды. Сатылған әр құтыдан 50 теңге жарыс чемпиондарының жүлде қорына жіберілді, деп хабарлайды олимпиадашыларды қолдау акциясын ұйымдастырушылар.

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте 43-орынға ие болды.

Еске салсақ, алтын медальді ел қоржынына 60 килограмм салмақта өнер көрсеткен қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов әкелген болатын. Спортшының мансабында бұдан бөлек екі Олимпиада медалі бар: Рио-де-Жанейрода жеңіп алған күміс және Токио Олимпиадасындағы қола жүлде. Олимпиада медальдарының толық жинағына ие болған дзюдошы көз жасын тыя алмады.

Сметов жеңіл атлет Ольга Рыпаковадан кейін медальдар жиынтығына ие болған еліміздің екінші спортшысы атанып отыр.

Күміс жүлдегерлер: Нұрбек Оралбай (бокс), Демеу Жадраев (грек-рим күресі) және Нариман Құрбанов (гимнастика). Ал қоланы Назым Қызайбай (бокс), Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо), Александра Ле (оқ ату) және Ислам Сәтбаев (оқ ату) әкелді.

Олимпиада бітер-біткенше ел тұрғындары қазақстандық спортшыларды нақты іс- әрекеттерімен қолдап отыру мүмкіндігіне ие болды.

15 шілде мен 11 тамыз аралығында Lavina-ны сатып алғандардың барлығы олимпиадашыларымызды қолдауға үлес қосты. Сатылған әр құтыдан 50 теңге Париж Олимпиадасы медалистерінің жүлде қорына автоматты түрде жіберілді. Акция барысында миллионнан астам Lavina құтысы сатылды.

Жоба туралы толық ақпаратты Instagram желісіндегі брендтің @lavina.energy ресми парақшасынан және NUR.KZ сайтындағы арнайы жобалар бөлімінен білуге ​​болады.

Қазіргі уақытта шараны ұйымдастырушылар жеңімпаздармен байланысқа шығып, марапаттаудың егжей-тегжейін талқылап, жетістіктерімен құттықтауда. Жақында салтанатты рәсім өтеді, онда әрбір олимпиадашы тек ақшалай сыйлық қана емес, сонымен қатар Lavina-дан естелік сыйлықтар алады.

Одан бөлек Lavina бренді мен Олимпиада жеңімпаздары Қазақстан спортын дамытуға және жас спортшыларды қолдауға бірлесе отырып ақшалай көмек көрсетеді.

"Чемпиондарымызға күнделікті адал еңбектері үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Олардың өз ісіне деген адалдығы мен патриоттық сезімі еліміздің қазынасына жаңа медальдар әкеліп, Қазақстан спортының тарихына өз үлестерін қосуға көмектесті. Жас спортшылар да олардан үлгі ала отырып, келесі Олимпиада ойындарында өз елінің мақтанышына айналады деп сенеміз", - дейді олимпиадашыларды қолдау акциясын ұйымдастырушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156745-lavina-kedergilerdi-zhoiady-qazaqstandyq-olimpiadashylardy-qoldau-aktsiiasynyng-qorytyndysy/