Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 500 мұғалім шетелде тағылымдамадан өтеді

Жарияланған күні:

Мектеп
Мұғалім оқушыларға сабақ түсіндіруде. Көрнекі фото: Pexels

Түркістан облысының 500-ге жуық ұстазы шетелге барып, тәжірибе алмасады, сондай-ақ білімін жетілдіреді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Turkistantv.kz-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның ресми сайтында хабарланғандай, түркістандық 15 ұстаз өткен жылдың қазан айында Жапония елінің астанасы Токио қаласындағы 3 бастауыш мектептің оқыту жүйесімен танысқан.

Ұстаздардың айтуынша, күншығыс елінде бастауыш сынып оқушылары 6 сыныпқа дейін білім алады екен. Бұған дейін біздің мектептерде сабақ оқытудың британдық тәсілі қолданылып келіпті. Онда балаларды білім деңгейіне қарай 3 топқа бөліп оқытқан. Ал жапон мемлекетіндегі білім беру тәсілі мүлде басқаша екен.

Биыл Түркістан облысынан 500-ге жуық педагог өзге де шет мемлекеттерде тәжірибе алмасып қайтады деген жоспар бар.

Оған қоса, мектеп директорларының біліктілігін арттыру мәселесі де назардан тыс қалмаған. Аймақта мыңнан астам білім ошағы болса, соның 778-інің басшысы арнайы курстан өтіп, білімін тұрақты жетілдіріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156778-turkistan-oblysynyng-ustazdary-shetelde-bilimin-zhetildiredi/