Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанша қазақстандыққа "Болашақ" стипендиясы тағайындалғаны белгілі болды

Жарияланған күні:

Студенттер
Көрнекі фото: piqsels.com

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы барысында қанша қазақстандыққа "Болашақ" стипендиясы тағайындалғаны белгілі болды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

"Отырыста 150 азаматқа "Болашақ" халықаралық стипендиясын беру туралы шешім қабылданды. Осы шешімге сәйкес 120 стипендиант магистратурада, 6 азамат докторантурада оқиды. Ал 24 стипендиат әлемнің озық университеттері мен өндіріс орталықтарында тағылымдамадан өтеді", - делінген ресми хабарламада.

Комиссия мүшелері қазір басымдық беріліп отырған мамандықтарға ерекше назар аударды. Тиісінше стипендиаттардың үштен екісінен астамы жаратылыстану және техникалық бағыттар бойынша  білім алады.  

Сонымен қатар 33 азамат әлемдегі озық ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге грант алды. Жиын барысында Ерлан Қарин ғылыми тағылымдамадан өтетін үміткерлерді Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйекте жариялаған Жолдауындағы ұстанымдарға сәйкес мұқият іріктеу қажеттігіне тоқталды. Сондықтан ғылыми тағылымдамаға мемлекет үшін аса маңызды әрі экономикада жоғары сұранысқа ие мамандар ғана жіберіледі.

Жиын соңында мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин "Болашақ" халықаралық стипендиясын және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасын іске асыру үдерістерін одан әрі жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Мұның бәрі еліміздің ғылыми әлеуетін дамыту жолында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156788-qansha-qazaqstandyqqa-bolashaq-stipendiiasy-tagaiyndalgany-belgili-boldy/