Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада 11 қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгереді

Жарияланған күні:

автобустар
Қоғамдық көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада 11 қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгереді. Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС-на сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 2, 3, 11, 14, 21, 32, 48, 50, 57, 60, 66 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар", — делінген ресми хабарламада.

"City Transportation Systems" ЖШС жолаушылар мен қала қонақтарынан сапарларын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында 101 жаңа автобус оқушыларды тасымалдайтынын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156793-astanada-11-qogamdyq-kolikting-zhuru-bagyty-ozgeredi/