Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы нашарлауына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

4 қыркүйекте түнде Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

4 қыркүйекте Маңғыстау облысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік сақталады.

Абай облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

4 қыркүйекте күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 04 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

4 қыркүйекте Астанада күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156799-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/