Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екінші әйел алып келген": Жетісайда көпбалалы әйел дағдарыс орталығынан пана тапты

Жарияланған күні:

Жұдырық түйген жігіт
Жұдырық түйген ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Жетісайлық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Құмар ойындарға шырмалған бұрынғы күйеуі оны ұрып-соққан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vera.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісай тұрғынының отбасындағы зорлық-зомбылыққа нашақорлық пен құмар ойындар себеп болды. 33 жастағы төрт баланың анасы "Көмек" дағдарыс орталығына ауруханадан хабарласқан. Мұнда ол күйеуі соққыға жыққан соң тап болған. Жәбірленушінің айтуынша, оның күйеуі нашақор және құмар ойындарға әуес, ол барлығын ломбардқа салып, онлайн бәс тігуге 2 миллион теңге несие алған. Осылайша жұмыссыз әйел қарызға батқан, ол тіпті балалары үшін АӘК-ке өтініш бере алмайды.

"Бұл клиентімізді болашақ күйеуі танысқандарына жарты-ақ күн болғанда алып қашқан. Оны Шымкенттен Жетісай өңіріндегі шалғай ауылға күштеп апарып, зорлаған. Сол оқиғадан кейін ол қалуға мәжбүр болады. Ауылда жұмыс табу қиынға соққан, дегенмен күйеуі жұмысқа тұрған. Осылайща бірінен соң бірі балалары да дүниеге келеді. Он жыл бірге тұрған, ал проблемалар пандемия уақытында басталған. Себебі күйеуі жұмыстан шығып қалған, оған қоса күйеуінің анасы қайтыс болып, ол қайғыдан ішкілікке салынады. Ал әрі қарай есірткі таблеткаларын қолдана бастайды. Мас кезінде әйелін балағаттап, күш көрсеткен, зорлық-зомбылық жиілеген", - деп мекеме директоры Малика Жүсіпова дағдарыс орталығы клиентінің оқиғасын баяндап берді.

Бұған қоса күйеуі ашықтан-ашық екінші әйел алып, үйіне ертіп келген. Сөйтіп бұрынғы әйелі мен балаларына ештеңе берместен қуып жібермек болған. Бұрынғы әйелі күйеуіне несие алып беріп, соңғы сақинасын да берген соң ғана үйде қалған. Оның бәрін күйеуі бәске тігіп, айырылып қалған. Ол ойындардан жеңіліп қалған сайын немесе есірткі дозасы қажет болған кезде әйелін ұрып-соққан. Мұның бәрі балаларға қатты әсер етіп, екеуі ажырасып тынған.

"Тағы бір жеңіліп қалған кезінде ол бұрынғы әйелін кінәлап, ұрып тастаған. Ұлы анасын жақтап, көмектеспек болғанда оны да ұрып-соққан. Сол түні әйел көршісіне қашып барып, бұл жағдайдан шығуына көмектесуін өтінді. Ол 112-ге хабарласып, "Көмек" орталығының байланысын берген. Міне, олар бізге осылайша келді", - дейді Малика Әбдірашқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156806-ekinshi-aiel-alyp-kelgen-zhetisaida-kopbalaly-aiel-dagdarys-ortalygynan-pana-tapty/