Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада мектепке апаратын жол ата-аналарының наразылығын тудырды (видео)

Жарияланған күні:

Мектеп оқушылары. Видеодан кадр
Мектеп оқушылары. Видеодан кадр: КТК арнасы

Астанадағы мектептердің бірінде ата-аналар балалары мектепке бару үшін қауіпті жолмен жүріп өтуге мәжбүр екеніне наразы. Бұл туралы КТК телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астананың сол жағалауында орналасқан №95 мектеп-лицейдің оқушылары осындай мәселеге тап болған. Өткен оқу жылында оқушыларды білім ошағынан тасымалдау тоқтатылып, жақын жерде салынып жатқан мектептің құрылысы әлі аяқталмаған.

"Олар үлкен тасжолды кесіп өтеді. Ол жерде қозғалыс көп, жолдан балалар өтіп бара жатқанын көрсететін ерекше белгілер жоқ. Екі апта бұрын осы тасжолда көлік адамды қағып кетіп, мерт қылды. Тасжолдан өткен соң балалар жолдың бойында тұрады, аялдама жұмыс істемейді. Мектепке бару үшін күйзеліске түсеміз", - деді қала тұрғыны Айгүл Ерғазина.

Бір қызығы, телеарна тілшісінің мәлімдеуінше, мектепке дейін қоғамдық көлік жүргенімен, ол тіке бармай, айналып баратын көрінеді. Жолда автобустар соңғы аялдамаға тоқтап, онда жарты сағаттай тұрып қалуы мүмкін. Уақытты босқа өткізбеу үшін балалар мектепке ен даламен барады.

Мектеп орналасқан ауданда көбіне сол маңнан пәтер берілген көпбалалы отбасылар тұрып жатыр.

Ақмарал Досыманова алты бала тәрбиелеп отыр, бірақ олар желтоқсанға дейін үйінің жанындағы жаңа мектепке бара алмайды.

"Жылына үш рет мектеп ауыстырамыз. Жаңасы ашылғанда, алты баламен сонда барамыз. Мектепті жиі ауыстыру – дұрыс емес! Бала үшін бұл, біріншіден, күйзеліс", - дейді Ақмарал Досыманова.

Өткен оқу жылында бұл тұрғын үй кешенінің балалары білім ордасына мектеп автобусымен қатынаған. Алайда тамыздың аяғында ата-аналарға мектеп автобусы болмайтынын хабарлаған. Алайда кейінірек журналистерді көрген олар ата-аналарды тыныштандыруға тырысты.

"Бұл әкімдікке қатысты қаржы мәселесі, бұл мәселені кеше басшылықпен шештік, бізге екі-үш автобус бөлінді", - дейді Астана қаласындағы №95 мектеп-лицейінің директоры Шынар Әубәкірова.

Астананың Білім басқармасы да үш мектеп автобусы іске қосылғанын растады. Ата-аналар бұл мәселе көп ұзамай шешімін табады деп үміттенеді.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156866-astanada-mektepke-aparatyn-zhol-ata-analarynyng-narazylygyn-tudyrdy-video/