Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атауы түпкілікті бекітілді": қазақ тазысы әлемдік деңгейде мойындалды

Жарияланған күні:

Қазақстандық тазы
Қазақ тазысы. Фото: turanews.kz

Халықаралық кинологиялық федерация тазыны ресми түрде Қазақстандық тұқым ретінде мойындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ федерацияға сілтеме жасап хабарлайды.

Комитет (FCI) тазыны қазақ тұқымы ретінде халықаралық деңгейде тіркеуге маңызды қадам жасады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті істері басқармасының сайтында жарияланды.

"Бүгін сіздің еліңіз және біз үшін тарихи күн. FCI стандарттар комиссиясы және FCI Ғылыми комиссиясы ұзақ процедурадан кейін тұқымды қабылдауды Бас комитетке ұсынды. Құттықтаймын!

Алда 10 жыл істелетін жұмыс күтіп тұр. Осы уақытта тазылардың денсаулығы бойынша сынақтар өткізіп, жаңадан туған тазы күшіктерінің статистикасы жасалады. Бұл деректер FCI Ғылыми комиссиясына керек. Иттердің денсаулығы мен әл-ауқаты қазір ең маңызды мәселелердің бірі. FCI Қазақстандағы тұқымның дамуын қадағалайтын болады", - деді FCI президенті Тамаш Яккел.

Қазақтың ит тұқымдарын сақтап, оларды халықаралық деңгейде мойындату мәселесі 2022 жылдан бастап президент Тоқаевтың тапсырмасымен көтерілген. Өкілетті орган ретінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі тағайындалды.

"Соңғы екі жылда ауқымды жұмыстар атқардық. Тиісті заңдарға өзгерістер енгізілді, тазы стандарты бекітілді, ғылыми зерттеулер жүргізіліп, асыл тұқымды иттер көрмесі мен байқаулар өткізілді", – делінген баспасөз хабарламасында.

Халықаралық кинологиялық федерация тұқымдарды тек толық құқығы бар ұлтық ұйымдар арқылы тіркей алады.

2023 жылдың тамызында Қазақстан кинологтар одағы Халықаралық кинологиялық федерацияның барлық талаптарын орындады. Кейін ұйымның толыққанды мүшесі атанып, өз ұлттық ит тұқымдарын тіркеу құқығына ие болды.

"Еліміздің әртүрлі аймағында ауқымды асыл тұқымды көрмелер өткізілді. Иттер жан-жақты медициналық тексеруден өтті, оның ішінде ең маңызды генетикалық зерттеулер де жүргізілді. Зерттеулерден біздің тұқымның бірегейлігін растайтын дәлелдер таптық.

Тұқымның 4 мың жылдан астам тарихы мен шығу тегін зерттедік. Кейін "Қазақ тазысы" деп тұқым атауын бекіттік. Біз арнайы көрме ұйымдастырдық, онда FCI мүшелері тазы тұқымының 100 итін зерттеді. Мұқият жұмыстың нәтижесінде тазы әлемдік деңгейде ресми түрде мойындалды.

Тазы – біздің мәдениетіміз бен тарихымыздың ажырамас бөлігі, сондықтан біз ұлттық тұқымды сақтау және насихаттау үшін барлық күш-жігерімізді салуға міндеттіміз. Біз бұл күннің тарихқа енетініне сенімдіміз", - деді Қазақстан кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқали.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156965-qazaq-tazysy-alemdik-denggeide-resmi-moiyndaldy/