Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджановқа қатысты сот процесі басталды

Жарияланған күні:

Сотта судья қағазға қарап отыр
Ахмеджанов ісі бойынша сот процесі. Фото: NUR.KZ/Жансая Дуйсебаева

Алматыда қаланың бұрынғы бас сәулетшісі Алмасхан Ахмеджановқа қатысты сот процесі өтіп жатыр. Алты адам сот алдында жауап береді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында іс бойынша басты сот талқылауы басталды. Бұған дейін Гүлмира Сатыбалды мен Мәди Батыршаевты соттаған Мәртпек Кәкімжанов іс бойынша судья болды.

Ескерте кетейік, отырысқа жәбірленушілердің өкілдері қатыспады. Сотталушылардың үшеуі – Ахмеджанов, Самамбетов және Жармұханбетов қамауда отыр. Тағы үшеуі – Алмасхан Бәкіров, Мұхамбеталы Шалқарбеков және Берік Өскембаев кепілде. Соңғысы денсаулық жағдайына байланысты процеске онлайн қатысты. Алайда судьяға сотталушының жағдайы ұнамай, ол Өскембаевтан орнына дұрыстап отыруын талап етіп, ескерту жасады.

Бәкіровтың адвокаты қорғауындағы азаматтың тұрғылықты жерін ауыстырып жатқанын айтып, басқа мекенжайда үйқамақта ұстауға рұқсат беруді сұраған.

Айта кетейік, Ахметжановқа Қылмыстық кодектің 361-бабының 4-бөлігімен – лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157010-almatynyng-buryngy-bas-sauletshisi-ahmedzhanovqa-qatysty-sot-protsesi-bastaldy/