Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді құны қайтарылатын болады": Шаққалиев әуе билеттеріне қатысты жағымды жаңалық айтты

Жарияланған күні:

Ұшақ билетімен құжат
Ұшақ билетімен құжат. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне келіп түсетін шағымдардың көп бөлігі әуе билеттерінің ақшасын қайтаруға байланысты екенін айтты. Оның сөзінше, енді тұтынушы ұшпаған жағдайда барлық әуе билетінің белгілі бір бөлігі қайтарылатын болады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Елімізде әуе билеттерін сатып аларда екі түрлі таңдау жасауға болатын еді: бірі құны қайтарылатын, екіншісі құны қайтарылмайтын биелттер. Енді кез келген әуе билетінің құны қайтарылатын болады. Бұл туралы ведомство басшысы айтты.

"Бұл өте өзекті мәселе. Шынында да, әуе билеттерінің қайтарылмауы заңды түрде қарастырылған. Осыны өзгертуді ұсындық. Екіншіден, мүліктік жауапкершілікке тарту. Иә, біздің комитетте біз өз құзыретімізді кеңейттік, мұндай мүмкіндік қарастырылған. Біз қазір жаңа заң жобасы аясында билеттердің 100% қайтарылмайтын мүмкіндігін алып тастаймыз", - деп жауап берді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Министр қазақстандықтардан әуе тасымалы мәселесіндегі ең көп түсетін шағымдар – әуе билеттерінің ақшасын қайтарудан бас тарту екенін айтты. Шаққалиев мәжілісте бірінші оқылымда қаралған тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасына ведомство билеттің қайтарылмауы туралы бөлігінде өзгерістер енгізгенін хабарлады. Сондай-ақ енді әуе қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау туралы комитет қарамағында болады.

"Біздің заңда біз әуе билеттері үшін төлем жасаудан бас тарту мүмкіндігін болдырмайтын өзгерістер енгіздік, ал екіншісі – әуе қызметтері біздің министрліктің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қарамағында болады. Біз үшін бұл мемлекеттік бақылау тұрғысынан әрекет етуге мүмкіндік береді", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157108-endi-quny-qaitarylatyn-bolady-shaqqaliev-aue-biletterine-qatysty-zhagymdy-zhangalyq-aitty/