Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Үндістаннан келген туристі алдаған такси қызметкері қамалды

Жарияланған күні:

такси қызметі
Такси қызметі. Көрнекі фото: pexels.com

Алматы полициясы шетелдік туристке жол жүру ақысын артық төлеткен таксисті ұстады. Ол 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы полиция қызметкерлері Үндістаннан келген туриске жол жүру ақысын артық төлеткен 27 жастағы жігітті ұстады.

"Тексеру барысында азаматтың тиісті құжаттарынсыз жеке тасымалдаумен айналысқаны, өз қызметін азаматтардың мазасын ала отыра ұсынғаны, сондай-ақ оны ұстау кезінде полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамағаны анықталды", - деді ол.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқықбұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157117-almatyda-undistannan-kelgen-turisti-aldagan-taksi-qyzmetkeri-tutqyndaldy/