Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте мектеп оқушылары сабақ оқудың орнына мектеп мүлкін тасыған

Жарияланған күні:

Парта тасып жүрген оқушылар
Парта тасып жүрген оқушылар. Видеодан скриншот: informburo.kz

Шымкенттегі жалпы орта мектептердің бірінде оқушылар жаңа оқу жылына дайындалудың орнына білім ошағының мүлкін тасып жүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасының сайтында хабарланғандай, бұған себеп мектеп ұжымының білім күні қарсаңында жанталасып басқа ғимаратқа көшуі болған.

Көктемде апатты деп танылған білім ошағының ұстаздары мен оқушылары мектептің бар мүлкін басқа ғимаратқа тасымалдаған. Енді мұндағы шәкірттер жекеменшік мектеп пен № 3 балалар үйінде оқитын болады.

Бірақ бұл білім ошағына оқушылардың қашан оралары белгісіз. Өйткені әбден тозығы жеткен нысанды толық сүріп, қайта салу қажет дейді мамандар.

Қала ортасындағы Қарсыбай Спатаев атындағы мектептің де жағдайы ауыр. 100 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген мекеме қабырғасының сыртқы қабаты сөгіліп кеткен. Әсіресе төбесі опырылып ортасына түсуге жақын, ал кәріз жүйесі шіруге айналған. Есік-терезесінің көбі әйнексіз қалып, қағазбен қапталған.

"Күрделі жөндеуден өтпеген. Бірақ ағымдағы жөндеу жұмыстары жылда жүргізіледі. Биыл жөндеуге 940 мың теңгенің жобасында қаржы бөлінген. Оған мектептің екі спорт залы мен дәлізі ғана сырланып, әрленген. Енді біздің мектепке негізі күрделі жөндеу қажет", - деді №7 жалпы орта мектебінің ұстазы Қанат Сарыбаев.

Мектептің мұндай күйімен қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің өзі де былтыр күзде танысып кеткен дейді мұғалімдер. Қазір бастауыш сыныптағы 200-ден астам бала спорт залдың қақ ортасынан тақтаймен бөлінген мына қабырғаның арғы жағында тамақтануға мәжбүр. Себебі мектептің аядай асханасында 1 және 4-ші сыныптағы 800-ден астам бүлдіршінді ыстық аспен қамту мүмкін емес дейді мектеп ұжымы.

"Бүгін, ертең бітетін мектеп емес. Өйткені сараптаманың қорытындысы шыққаннан кейін біз оның ПСД-сын дайындап әрі қарай құжатын, ақшаларын отырғызып, одан кейін барып мердігер анықталады. Білім басқармасының қабылдау комиссиясы шығып, дайындықтарын пысықтап, бүгінгі таңға 100 пайыз дайын деп мәлімет беріп отыр. Биыл 260 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды.

Жалпы, ел бойынша бас-аяғы 50-ден астам мектепте күрделі жөндеу жұмыстары әлі жүрігізіліп жатыр. Құрылыс жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған дейді оқу-ағарту министрлігінің өкілдері. Сондықтан оқушылар әзірге төңіректегі білім ошақтарына қатынап оқиды", - деді Шымкент қаласы білім басқармасының бөлім басшысы Әшірбек Айтиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157162-shymkentte-mektep-oqushylary-sabaq-oqudyng-ornyna-mektep-mulkin-tasygan/