Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты жол учаскесі шамамен бір тәулікке жабылады

Жарияланған күні:

Астана
Астана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесі учаскесінде Әлихан Бөкейхан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлайды.

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ мәліметіне сүйенсек, Керей-Жәнібек хандар көшесі бойынша Әлихан Бөкейхан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде жол төсемінің үстінгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты 4 қыркүйек сағат 20:00-ден 5 қыркүйек сағат 17:00-ге дейін аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылмақ.

Елорда әкімдігі тұрғындар мен қонақтардан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды ұсынып, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157291-astanada-zhondeu-zhumystaryna-bailanysty-zhol-uchaskesi-shamamen-bir-taulikke-zhabylady/