Ақтөбе облысындағы оқушы қазасы: мектеп директоры қызметінен босатылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАқтөбе облысы Темір ауданындағы мектеп оқушысының қазасына қатысты облыс прокуратурасы мәлімдеме жасады. Бұл туралы қадағалушы органға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, 9-10-11 сынып оқушылары арасындағы кикілжін салдарынан 9-сынып оқушысының қазасымен аяқталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру облыс прокуроры Дәуешовтің жеке бақылауына алынған.
"Қылмыстық іс аясында Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабының тәртібімен кәмелетке толмаған екі күдікті ұсталды, Темір аудандық соты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Оқиға бойынша Ақтөбе облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр", - делінген прокуратура хабарламасында.
Қадағалауды іске асыру тәжірибелі процессуалдық прокурорлар тобына жүктелген.
Қадағалаушы органның мәліметінше, қылмыс жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды зерделеу үшін ауданға арнайы комиссия жіберілген.
Облыстық прокуратура жергілікті атқарушы органның атына Темір ауданы әкімінің, облыстық және аудандық білім бөлімі басқармаларының лауазымды тұлғаларының жауапкершіліктерін шешу жөнінде ұсыныс енгізілген.
"Бүгінгі күні қадағалау актісімен мектеп директоры қызметінен босатылды", - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Айта кетейік, Ақтөбе облысы Темір ауданында жасөспірімдер арасындағы төбелестен кейін 9-сынып оқушысы көз жұмды. Қайғылы оқиға 2 қыркүйек түнде тіркелген. Аудан әкімдігінің өкілдері жанжал неден шыққаны әзірге белгісіз екенін айтты. Екі жасөспірім қамауға алынды.
4 қыркүйекте Бас прокурор Берік Асылов осы жайтқа қатысты істі жеке бақылауына алғанын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157342-aqtobe-oblysyndagy-oqushy-qazasy-mektep-direktory-qyzmetinen-bosatyldy/