Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Жарияланған күні:

Түлек
Көрнекі сурет: pexels.com

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 150 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Халықаралық бағдарламалар орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Орталық мәліметіне сүйенсек, 120 адам – магистратура, 6 адам - докторантура бағдарламалары бойынша білім алады, ал 24 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына кәсіби тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Дайындықтың басым бағыттарына ерекше назар аударылды, яғни, стипендиялардың үштен екісінен астамы жаратылыстану-техникалық пәндер бойынша бөлінді. Жеңілдікті санаттар бойынша 22 адам шетелде білім алады.

Үміткерлер Harvard University, Imperial College London, University of Pennsylvania, University of Melbourne, Columbia University , Johns Hopkins University, University of Bristol сияқты әлемдік рейтингтердің топтарына кіретін университеттерге түсті.

Ең танымал мамандықтар: ақпараттық технологиялар мен жүйелер, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік, көлік технологиялар және логистика, қоғамдық денсаулық сақтау, неонатология және хирургия, үлкен деректерді талдау, құрылыс, геология және тау-кен ісі, металлургия, қаржы технологиясы, урбанистика және математика.

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімін мына сілтеме арқылы, ал ғылыми тағылымдамаға грант иегерлерінің тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын қанша қазақстандыққа "Болашақ" стипендиясы тағайындалғаны белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157387-bolashaq-stipendiiasy-iegerlerining-tizimi-zhariialandy/