Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"35 теңге": Түркістан оқушылары қоғамдық көлікте 50 пайыз жеңілдікпен жүреді

Жарияланған күні:

Автобус іші
Автобус іші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан оқушылары енді қоғамдық көліктерде елу пайыз жеңілдікпен жүреді. Жол ақысы 35 теңге болмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Түркістан қаласының қоғамдық көліктері заманауи талаптарға сай жабдықталып жатыр. Атап айтқанда, автобустарда төлем жасаудың онлайн әдісін жүзеге асыратын "AlemPay" электронды төлем жүйесі қолданысқа енгізілген.

Енді қалада бұл төлем картасын сатып алған мектеп оқушылары жол ақысының 50 пайызын ғана төлей алады. Яғни 7 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары картаның көмгімен жол ақысының жартысын ғана төлеу мүмкіндігіне ие болады.

"Бұл төлем карталарын Түркістан қаласындағы "Қуаныш" базары аялдамасынан және "Қуаныш" базары кеңсе тауарлары павильонындағы (№52) сауда нүктелерінен алуға болады. Картаны банк қосымшалары немесе Киви терминалы арқылы толтыра аласыздар. Ал дайын картаны 2505 нөміріне тіркеп, жол ақысын төлеуге болады. Қолма-қол 100 теңге, "AlemРay"-мен 70 теңге, ал мектеп оқушылары үшін жол ақысы 35 теңге", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Қазіргі таңда шаһардағы жекелеген санаттағы азаматтардың қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесі бойынша жаңа жоба әзірленіп, тиісті мекемелерге жолданды. Қолдау тапқан жағдайда жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Түркістан қаласында 22 бағытта қатынайтын 190-ға жуық қоғамдық көлік тұрақты түрде қызмет көрсетуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157468-35-tengge-turkistan-oqushylary-qogamdyq-kolikte-50-paiyz-zhengildikpen-zhuredi/