Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Медеу ауданының кей бөлігінде бір күн суық су болмайды

Жарияланған күні:

Шүмектен ағып тұрған су
Ағып тұрған суық су. Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматыда сумен жабдықтау желілері мен объектілерінде жүргізілетін жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты Медеу ауданының бір бөлігі судан ажыратылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Алматы Су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Судың уақытша өшірілетіні туралы хабарлама коммуналдық кәсіпорынның ресми сайтында жарияланды.

Оған сәйкес, 6 қыркүйек күні сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін Медеу ауданындағы әл-Фараби – Қапаров – Құрмет – Тайманов көшесінің контурында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға, оның ішінде:

  • "Ақ Бота" ТК, "Тау Шатыр" ТК, "Esentai River Townhouse" ТК, "Tau House" ТК, "Blackberry Hills" ТК, "Ideal Residence" ТК, "La Verde" ТК, "Bloom House" ТК;
  • Ахмедьяров, Жаркент, Ескендіров, Иванилов, Тайманов, Игишев, Жамақаев, Нұрлыбаев, Баранский, 4я, 5я, 6я көшелеріне су беру бойынша уақытша шектеулер енгізіледі.

Жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезеңінде:

  • Жуков көшесі,
  • Манаев көшесі,
  • Затаевич көшесі,
  • Карибжанов көшесі,
  • Есентай Сити ТК,
  • Әл-Фараби даңғылы 116 мекен-жайы бойынша су қысымы төмендейді.

"Алматы Су" осы қалалық секторларды уақытша суық сумен жабдықтаудан шектеулер жоспарланған жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін енгізіліп отырғанын хабарлады. Коммуналдық кәсіпорын уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157480-almatyda-medeu-audanynyng-kei-boliginde-bir-kun-suyq-su-bolmaidy/