Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Лас ойынға араластырмаңыздар": мандатынан айырылған Садықов өзіне қатысты айыптауларға жауап берді (видео)

Жарияланған күні:

Асқар Садықов
Асқар Садықов. Фото: parlam.kz

Жақында "Ақ жол" партиясынан шығарылып, мәжіліс депутаты мандатынан айырылған Асқар Садықов әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, өзіне қатысты айыптауларға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Видео Садықовтың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

"Менің күмәнді түрде жұмыстан босатылуыма байланысты пікірлерге араласпаймын деп ойлап едім. Бірақ Азат Перуашевтің сөздері мені және отбасымды айналып өтпеді. Сондықтан сіздерге жағдайды түсіндіре кетейін, өйткені менің үнсіздігім кінәсін мойындау ретінде бағаланып отыр", - деді ол видео астындағы жазбада.

Ал бейнеүндеуде Садықов партия төрағасының сөзі шындыққа жанаспайтынын алға тартты.

"Өтініш, мені лас ойындарыңыз бен манипуляцияларыңызға араластырмаңыздар. Мен енді үндемей қалмаймын. Мұндай мәлімдеме партия көшбасшысының деңгейіне сай емес. Бірақ Азат Перуашев осыған дейін де өз халқын адастырып келген. Бұл оның жұмыс стилі сияқты", - деді Садықов.

Артынша экс-депутат Садықов Перуашевтің өзіне үндеу жолдады.

"Егер мені партиядан шығарғыңыз келсе, беделіме нұқсан келтіретін лас айыптауларды жинаудың орнына басқа да дәлелдер келтірсеңіз болар еді. Өкінішке қарай, менің жұмысымда ондай кінәрат жоқ. Егер мұндай әрекет расымен болса, сіз бұл мәселені мамыр айында көтеріп, менімен және партия мүшелерімен талқылар едіңіз", - деді Садықов бұрынғы әріптесіне.

Ол сондай-ақ өзінен түсініктеме алынбағанын, оқиға туралы хабардар етілмегенін және бұл мәселе мүлде талқыланбағанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта мен басқа да қазақстандықтар сияқты сіздің мәлімдемеңізге таңғалып отырмын. Қуанышымызға орай, БАҚ бәрін сақтайды, қалаған адам сіздің жалған мәлімдемелеріңізді еске түсіре алады",- деді Садықов.

Осы ретте экс-депутат Перуашаев шулы мәлімдемелер арқылы партияның басқа мәселелерін, атап айтқанда, өз орынбасарының сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыпталып жатқанын назардан тыс қалдырғысы келетінін айтты.

Еске салайық, 29 тамызда Асқар Садықовтың "Ақ жол" партиясынан шығарылып, Мәжіліс депутатының өкілеттігінен айырылғаны белгілі болды.

Көп ұзамай Азат Перуашев мұндай шешімге "Садықовтың депутат мәртебесіне жол берілмейтін іс - әрекеттер жасауы" себеп болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157519-las-oiynga-aralastyrmangyzdar-mandatynan-aiyrylgan-sadyqov-ozine-qatysty-aiyptaularga-zhauap-berdi-video/