Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Құлжа трактін қайта жөндеу жұмыстары қашан аяқталады

Жарияланған күні:

Жол жөндеу жұмыстары
Көрнекі фото: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Осы аптаның соңына дейін Құлжа трактін қайта жаңғырту жұмыстары аясында Рысқұлова даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басқарма мәліметінше, бүгінде учаскенің барлық ұзындығында жолдың негізін салу және асфальтбетон жабынының төменгі қабаттарын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілген.

"Қолайлы ауа райы жағдайында 500 метрлік учаске осы аптаның соңына дейін аяқталады және қозғалыс толығымен ашық болады. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қайта жаңартылатын учаскеде уақытша жол белгісі қойылды.

Трафиктің тығыздығын ескере отырып, асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты демалыс күндері 15 қыркүйекке дейін төселеді. Осыдан кейін тұрақты жолақтар жасалады", - деп атап өтті басқарма өкілдері.

Әкімдік өкілдері бұған қоса жол жиектерінде тосқауыл қоршауын, жарықтандыру тіректерін және екі жағынан ені 2-ден 3 метрге дейінгі тротуар орнату бойынша жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Осы жұмыстар аясында жолдарды 4-тен 6 жолаққа дейін кеңейту жоспарланған, бұл учаскенің өткізу қабілетін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. Жобада жалпы ұзындығы 2,3 км жолды әр бағытта 3 жолақты құрылғымен қайта жаңарту көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157556-almatydagy-qulzha-traktin-qaita-zhondeu-zhumystary-qashan-aiaqtalady/