Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауда министрі Бибігүл Төлегенова мен Air Astana дауына қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

ұшақ борты
Ұшақ іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Сенат кулуарларында Сауда министрлігінің басшысы Air Astana бортына отырғызу кезінде дөрекілікке тап болған халық әртісі Бибігүл Төлегенованың басынан өткен жайтқа пікр білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мен тек әріптесімнің сөзіне қосыла аламын. Аида Ғалымқызы (министр Балаева –ред.ескертпесі) бұл мәселеге дұрыс әрі нақты ұстанымын айтты. Әрине, регламенттік істер бар, ережелер бар, бірақ бұл мәселенің этикалық тұсы да жоқ емес.

Сондықтан мынадай тәсіл бар, жалпы ережелер: "Егер тыйым салынса, рұқсат етілмейді, егер тікелей тыйым салынбаса, онда рұқсат етіледі".

Бұл жағдайда қалай түсіндіруге болады: шынында да функционалды проблемасы бар адам, оған жету қиын болды, бұл жағдайда, менің ойымша, әуежай қызметкерлері осы қағиданы қолдануы керек еді. Бұл тек халық әртісіне қатысы жоқ, бұл кез келген басқа жағдайда да", - деді министр Арман Шаққалиев.

Ол бұл қағида жолаушының өміріне қауіп төндіруге қатысты екенін айтты.

"Шұғыл медициналық көмек қажет болғанда, біз қатаң түрде бюрократиялық белгіленген дәліздерді ұстанбаймыз ғой. Біз әрқашан адам денсаулығына зиян келтіру қаупіне пропорционалды әрекет етеміз. Бұл жағдайда әуежай қызметкерлері, әртүрлі қызметтердің басқа қызметкерлері қабылдайтын шаралар клиенттерінің қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуі керек екенін түсіну керек. Денсаулыққа зиян келтіру мүмкіндігін тудырмау әрдайым бірінші қағида болуға тиіс", - деп толықтырды министр.

Сауда министрлігінің басшысынан журналистер "Бибігүл Төлегенованың басынан өткен жағдайда тұтынушы құқығы бұзылды ма?" деп сұрады.

"Нақты жағдайларда, мысалы, қызмет көрсету тұрғысынан шарттар бұзылса, бұл тұтынушылардың құқығын бұзу болып саналады. Бірақ стандартты емес жағдайлар бар, оларға жеке қарау керек", - деп жауап берді министр.

Айта кетейік, осыған дейін халық әртісі Бибігүл Төлегенова Air Astana бортына отырғызу кезінде дөрекілікке тап болғаны туралы ақпарат тарады. Көп ұзамай аталған жайтқа қатысты Air Astana компаниясы пікір білдірген еді. Бұл мәселені мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да назардан тыс қалдырған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157567-sauda-ministri-bibigul-tolegenova-men-air-astana-dauyna-qatysty-pikir-bildirdi/