Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы ауылдардың бірінде сібір жарасына байланысты карантин енгізілді

Жарияланған күні:

Карантин
Карантин кезі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

5 қыркүйекте Республикалық ветеринариялық зертхана 2 бас ІҚМ сынамаларында сібір жарасының болуын растайтын бактериологиялық зерттеулердің нәтижелерін алды. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Үлкен Ақсу ауылында тірі жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге және әкетуге тыйым салынды.

Аумақтық ветеринариялық инспекция ЖАО ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесіп жануарларды аулалық тексеру, вакцинациялау және жануарлар иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

"Мекенге тарату іс-шараларын жүргізу, оның ішінде дезинфекция жүргізу үшін АШМ-нің республикалық эпизоотияға қарсы отряды көшіріледі, қажетті мамандар мен арнайы техника штаты бар. Ол жерде ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Самат Төлегенов жүр", - делінген хабарламада.

Қолданыстағы алгоритмге сәйкес барлық қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар өткізіледі және ауыл шаруашылығы министрлігінің ерекше бақылауында болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157642-almaty-oblysyndagy-auyldardyng-birinde-sibir-zharasyna-bailanysty-karantin-engizildi/