Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде үй жағдайында блефаропластика жасатқан әйелдің қабағы жарылған

Жарияланған күні:

Көз. Көрнекі фото
Көз. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде үйде блефаропластика жасатқан соң қабағы жарылған азаматша материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы талаппен қалалық сотқа жүгінген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сот ақпаратынша, Instagram әлеуметтік желісінде блефаропластика қызметі туралы жарнаманы көрген талап қоюшы 2023 жылғы 4 тамызда жауапкердің жалдамалы пәтерінде ота жасатқан.

Отандан кейін бір апта өткен соң талап қоюшы көздің ассиметриясын байқап, жауапкерге қайта хабарласып, 15 тамызда екінші рет ота жасатады.

Екінші ота кезінде жауапкер оң көздің қабағаның терісін тым терең кескен және терісімен бірге төменгі кірпіктерді кесіп тастағандықтан, талап қоюшыдан қан кетуі тоқтамаған.

Жауапкер жараны лазермен күйдіріп, қан кетуді тоқтатып, қан кеткен жерді тігіп тастаған.

Талап қоюшы конъюнктивит, ауырсыну және жас ағу салдарынан офтальмологтар мен пластикалық хирургтарға жүгінуге мәжбүр болған.

Қазіргі уақытта қабақтың толық жабылмауына, көздің және қабақтың үнемі ісуіне байланысты сыртқы түрі өзгергендіктен, талап қоюшы жұмысты тастап, сәтсіз жасалған отадан кейін емдеу және оңалту шығындарын көтеруге мәжбүр болған.

Сот істі қарау кезінде жауапкердің ауруханада фельдшер болып жұмыс істейтінін, оның пластикалық хирургия бойынша лицензиясы жоқтығын, тек сертификаты бар екенін анықтады.

Жауапкер талап қоюшыға ота жасауға жұмсалған 80 мың теңге сомасын өз еркімен қайтарған.

Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшының пайдасына 235 мың теңге материалдық шығын және 1 миллион теңге моральдық зиянның өтеуі өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157709-aqtobede-ui-zhagdaiynda-blefaroplastika-zhasatqan-aielding-qabagy-zharylgan/