Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

200 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру ісі: 9 адамға сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

судья
Судья. Көрнекі фото: Boonchai Wedmakawand / Getty Images

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық соты 200 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған 9 адамға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді облыстық прокуратура жүргізді. Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз ақша аударылғанын дәлелдеді.

Қылмыстық іс бойынша негізгі айыпталушылар бас бостандығынан айырылса, қалған 7 сыбайлас бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, шартты түрде сотталды. Келтірілген шығын ішінара өтелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Айта кету керек, бұған дейін прокурорлар сол аудандағы мектептердің есепшілері мектептерде жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз ақша аударып, жымқырғанын анықтаған болатын.

Бұл қылмыстық істер бойынша айыптау үкімі шықты", - деп атап өтілді Қызылорда облысының прокуратурасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157736-qyzylorda-oblysynda-bilim-basqarmasynan-200-million-tengge-urlagan-9-adam-sottaldy/