Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанаға кіре берісте көлік салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйе іске қосылды

Жарияланған күні:

Жүк көлігі
Жүк көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада көлік салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйе іске қосылды. Көлік министрлігі бұл жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін айтты, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасындағы ақпаратқа сәйкес, бұл жүйе жүк көліктерінің салмағын бақылауға, өзге де көліктердің кедергісіз жүруі үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Автоматтандырылған жүйе биыл қыркүйек айынан бастап іске қосылды. Автокөліктің шамадан тыс салмағы анықталған кезде жүйе автоматты түрде фотофиксация жасайды, содан кейін ақпарат көлік дерекқорының ақпараттық-аналитикалық жүйесіне беріледі.

Бұл Көлік комитетіне салмақ нормаларынан асып кетуге байланысты құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды жедел жіберуге мүмкіндік береді.

Автоматтандырылған өлшеу жүйесі қалаға негізгі кіреберістерде: Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қосшы қалалары, сондай-ақ Қараөткел және Малотимофеевка кенттері тарапынан орнатылған.

Айыппұлдардың мөлшері оське шаққандағы салмақтың арту дәрежесіне байланысты және кәсіпкерлік түріне байланысты – шағын, орта немесе ірі – 40 АЕК-тен (147 мың 680 теңге) 1000 АЕК-ке (3 млн 692 мың теңге) дейін өзгеруі мүмкін.

Осылайша, көлік құралдарының рұқсат етілген массасы төменде келтірілген нормадан (тоннамен) аспауы тиіс:

  • үш осьті (М3 санатындағы буынды автобустарды қоспағанда) 25 тонна;
  • төрт осьті, оның ішінде екі басқарылатын осі бар – 32 тонна;
  • бес осьті – 38 тонна;
  • алты немесе одан да көп осьтері бар – 44 тонна.

Бұл жүйе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және адами факторды болдырмауға мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін бұл жүйені еліміздің басқа өңірлерінде енгізу жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157751-astanaga-kire-beriste-kolik-salmagyn-olsheitin-avtomattandyrylgan-zhuie-iske-qosyldy/