Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұратбек Қасымбай PIN-UP.KZ букмекерлік кеңсесінің амбассадоры атанды

Жарияланған күні:

Мұратбек Қасымбай
Мұратбек Қасымбай. Фото: PIN-UP.KZ

Meta Ratings Top Awards 2023 нұсқасы бойынша ең сенімді букмекер атанған PIN-UP.KZ БК "Қазақ терминаторы" лақап атымен танымал MMA жауынгері Мұратбек Қасымбаймен серіктестік орнатқанын хабарлады.

Мұратбек Қасымбай – жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін аралас жекпе-жек шебері және панкратионнан әлем чемпионы (2021 жыл). Оның қоржынында ондаған жеңіс бар. Мұратбек соңғы жекпе-жегінде бразилиялық Диего Брандаоны кездесудің 3-минутында нокаутпен жеңген еді.

"Мен PIN-UP.KZ БК-мен серіктес болғаныма қуаныштымын. Бұл серіктестік дамуға жаңа мүмкіндіктер ашады деп ойлаймын және компанияның табысына үлесімді қоса алатыныма сенімдімін", - деді Мұратбек Қасымбай.

Мұратбекпен серіктестік – PIN-UP.KZ-тің аудиторияны кеңейту және нарықтағы позицияларды нығайту бағытындағы тағы бір қадамы. Бұл серіктестік аясында спортты дамытуды қолдайтын жарқын жобалар және ММА спорты мен "Қазақ терминаторының" жанкүйерлері үшін қызықты акциялар ұйымдастырылмақ.

"Біз Мұратбектің командамызға қосылғанына қуаныштымыз! Ол жай ғана талантты спортшы емес, сондай-ақ күш пен табандылықты және жеңіске деген ұмтылысты бейнелейтін жарқын тұлға. Мұндай серіктестік бізге жаңа мүмкіндіктер сыйлап қана қоймай, сенімді букмекерлік кеңсе ретінде беделімізді одан әрі нығайта түсетініне сенімдіміз", - деп атап өтті PIN-UP.KZ баспасөз қызметі.

Беттинг-компания мен Мұратбек Қасымбай бірігіп түрлі жобаны қолға ала бастады, сондықтан қазақстандықтарды болашақта көптеген қызық іс-шара күтіп тұр.

PIN-UP.KZ БК – клиенттер үшін бірегей бонустардың, арнайы ұсыныстардың және адалдық бағдарламаларының алуан түрін ұсынатын, сондай-ақ еліміздегі спорт индустриясын белсенді қолдап, дамытып жатқан лицензияланған қазақстандық букмекерлік кеңсе.

*08.11.2021 жылғы №21031283 лицензиясы "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157762-muratbek-qasymbai-pin-up-kz-bukmekerlik-kengsesining-ambassadory-atandy/