Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда бұрынғы прокурор сотталды

Жарияланған күні:

Прокуратура қызметкері
Прокурор. Көрнекі фото: facebook.com/GenProkRK

Талдықорған қалалық соты алаяқтық жасады деген айыппен бұрынғы прокурорға қатысты қылмыстық істі қысқартылған тәртіпте қарады. Бұл туралы Жетісу облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жетісу облысы соттарының Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қаралды.

2024 жылғы 8 маусымда А. облыстық прокуратураның мемлекеттік айыптауды қамтамасыз ету басқармасының лауазымды тұлғасы, прокурор бола тұра, өзінің қызметтік бабын пайдаланып алдау арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қылмыстық мақсатты көздеген.

"Осы мақсатпен А. қызықтырған қылмыстық істі оңды шешуге көмектесуге уәде беріп, өзінің танысы К.-ны жаңылыстырған. Алайда А.-ның істі тергеуге қатысуға ешқандай ниеті болған жоқ. Осылайша, А. оның 1,9 млн теңгеден астам қаражатын алаяқтық жолмен иемденді.

Экс-прокурордың заңсыз әрекеттері прокуратураның ішкі қауіпсіздік бөлімі мен ұлттық қауіпсіздік органдарының бірлескен іс-шараларының нәтижесінде анықталды.

Прокурор А.-ны кінәлі деп танып, "кіші әділет кеңесшісі" сыныптық шенінен айырумен қоса, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыру айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Жәбірленуші сотталушыны кешіріп, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады", - делінген хабарда.

Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, шын жүректен өкініп, келтірілген зиянды толық өтеген.

Сотталушының жасаған қылмыстық құқықбұзушылық үшін заңда балама жазалар қарастырылған. Сотталушының кінәсі дәлелденіп, қылмыстық іс қысқартылған тәртіпте қаралды, сотталушы өз кінәсін толық мойындап, іс бойынша жиналған дәлелдемелерді дауламады.

Сот қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды – шын жүректен өкінуді, зиянды өз еркімен өтеуді, жәбірленушімен татуласуды, сондай-ақ кішкентай балалардың болуы, олардың біреуі мүгедек болуы, қылмыс жасауды ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, берген антын бұзған А.-ны кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығын өмір бойына айыра отырып, ұрланған мүліктің он еселенген мөлшері, 19 463 180 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің 49 бабының 1 бабына сәйкес "кіші әділет кеңесшісі" сыныптық шенінен айырылған.

Шешім заңды күшіне еңген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157817-taldyqorganda-buryngy-prokuror-sottaldy/