Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұшқан құс пен жорытқан жануарды айнытпай жасайды": Түркістан облысының тумасы ерекше кәсіппен айналысады (видео)

Жарияланған күні:

Бабыр Каюмов
Бабыр Каюмов. Видеодан скриншот: turkistantv.kz

Түркістан облысының тұрғыны Бабыр Каюмов аң мен құстың түрлі мүсінін жасап, сурет те салады. Өзінің айтуынша, оларды ешқашан көшірген емес, барлығы қиялынан туындайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Turkistantvkz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысының тумасы Бабыр есімді азамат ерекше кәсіпті қолға алған. Ол қабырғаға сурет салып, аулаға түрлі мүсін жасайды. Оның жасаған туындыларын Түркістан, Кентау қалаларындағы танымал дәмханалардан кездестіруге болады.

Бабыр Каюмов бұл салаға 14 жыл бұрын келген. Дегенмен мұндай талант бойына бала кезінен дарыса керек. Өйткені анасы да қағаз-қалам ұстаған суретші болыпты.

"Мұның бәрін өзім ойдан шығарамын. Суретті көшіріп салмаймын, бәрі қиялымнан шығады. Тапсырыс алғанда да алдымен көз алдыма елестетіп, сол жерге қарай үйлестіріп жасаймын", - дейді Бабыр Каюмов.

Суретші кісі ауласына сылдырап аққан бұлақ суын, ұшқан құсты, жорытқан жануарды айнытпай бейнелеп береді. Бұл үшін алатын ақысы да басқа шеберлермен салыстырғанда аз. Мұны тұтынушылары да қалтаға қонымды деп растап отыр. Әрі жасаған туындысы көпшіліктің көңілінінен шығады.

Өнерімен елді мойындатқан Бабыр енді шәкірт тәрбиелеймін дейді. Алдағы уақытта өз ауласынан шағын шеберхана ашып, дайын мүсіндерді жасасам деген үміті бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157822-ushqan-qus-pen-zhorytqan-zhanuardy-ainytpai-zhasaidy-turkistan-oblysynyng-tumasy-erekshe-kasippen-ainalysady-video/