Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Норвегия арасындағы матчқа байланысты Алматы полициясы үндеу жасады

Жарияланған күні:

Тәртіп сақшысы
Тәртіп сақшысы. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстан – Норвегия арасындағы матчқа байланысты Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

6 қыркүйекте Алматының орталық стадионында футболдан Қазақстан мен Норвегия құрамалары кездеседі. ПД қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Полиция күштері спорт нысанының өзінде де, оған шектес аумақтарда да тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

"Бірінші кезекте қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына кептелістерді болдырмау мақсатында Абай даңғылы, Байтұрсынов, Сәтбаев, Байзақов, Құрманғазы көшелерінде жол қозғалысы жартылай шектелетінін хабарлаймыз.

Осыған орай, азаматтарды алдын ала бағдарын реттеп, көліктерін тек арнайы белгіленген орындарға қойып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қоғамдық көлікті пайдалануға шақырамыз. Сонымен қатар футбол матчына билеттерді алаяқтардан сақтану мақсатында тек ресми сауда орындарынан сатып алу керектігін еске саламыз", - деді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157838-qazaqstan-men-norvegiia-arasyndagy-matchqa-bailanysty-almaty-politsiiasy-undeu-zhasady/