Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ақылы көлік жүргізу тесттері енгізілуі мүмкін

Жарияланған күні:

Жүргізуші куәлігі
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Astana Finance Days кулуарында жүргізуші куәлігін алуға сынақ тесттерін енгізу жоспары айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі емтихандарын онлайн тапсыру мүмкіндігін талдап жатқанын хабарлады.

"Сонымен қатар біз қазір eGov.kz платформасы арқылы сынақ емтихандарына қолжетімділікті қамтамасыз ету мүмкіндігін зерттеп жатырмыз, осылайша адамдар емтиханның теориялық бөлігін тапсыруға барар алдында... тура ҰБТ сынағы сияқты жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханда өздерін сынай алады", - деді ол.

Журналистер мұндай қызметтің қанша тұратынын сұрады.

"Біз Ішкі істер министрлігімен бірге осының барлығын есептеп, бүкіл бизнес-процесті белгілеп, қандай да бір төлемақыны белгілеуіміз керек. Себебі ҰБТ сынағы да ақылы, мұнда да техникалық және адами ресурстар тартылады. Сондықтан, ең болмағанда, осы емтихандарды тапсыруға дайындалып жатқан адамдардың өздерін тәртіпке келтіру үшін қандай да бір символикалық төлем қажет деп санаймыз", - деп түйіндеді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы.

Енді жүргізуші куәлігін оның мерзімі өтіп кеткен, жоғалған немесе ұрланған жағдайда ғана емес, тегі, аты және әкесінің аты өзгерген жағдайда да алуға болады.

Министр жүргізуші куәліктерін ауыстырған кезде қолданушы қалауы бойынша бұрын алған жеке куәлігінен немесе төлқұжатынан өз фотосуретін орната алатыны атап өтті. Негізгі шарт – фотосурет алынған құжаттың шыққанына үш жылдан астам уақыт өтпеуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157841-qazaqstanda-aqyly-kolik-zhurgizu-testteri-engizilui-mumkin/