Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте өнер үйірмесі қайтыс болған баланы да "оқытқан"

Жарияланған күні:

Жазу жазып отырған бала
Жазу жазып отырған бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкенттік өнер үйірмесі қайтыс болған баланы да оқытып, үкіметтен ақша алып отырған. Бұл туралы бүгін қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ontustiktv.kz-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның ресми сайтында хабарланғандай, тиісті тексерістер нәтижесінде үйірмелер тізімінде тұрған екі мыңнан астам қатысушының шын мәнінде көрсетілген үйірмеге бармайтыны, мүлде бармағаны анықталған. Тіпті тізімге қайтыс болған баланың құжаттары да тіркеліпті.

Олар жоқтан бар жасап, балалар үшін бөлінген қаржыны қисынсыз пайдаланып келген.  

"Шетелге шығып кетпек түгілі өмірден өтіп кеткен балалар да бар екен. Өмірден өтіп кеткен, бірақ сол баланы тіркеп, ақша алып отырған өнім берушілер бар. Біз прократурамен бірлесіп осындай 40-қа жуық фактіні анықтадық", - деді Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157871-shymkentte-oner-uiirmesi-qaitys-bolgan-balany-da-oqytqan/