Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімдігі Досаевтың көмекшісі ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Жарияланған күні:

Ерболат Досаев
Ерболат Досаев. Фото: Алматы әкімдігі

Желіде Алматы әкімінің көмекшісі ұсталды деген ақпарат тарады. Бұған қатысты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Желіде Алматы әкімі көмекшісінің ұсталғаны туралы жалған ақпарат таралып жатыр, бұл хабарламаға Алматы облысы Іле ауданы әкімінің фотосы көрсетілген.

Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі жалған ақпарат таратқандарды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдейді. Еске салайық, заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат таратқандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін", - делінген хабарда.

Еске салсақ, 4 қыркүйекте желіде Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев қызмет бабын және өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері ақпаратты растады.

Оған кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, мемлекеттік мүддеге зиян келтіретін қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану бойынша айып тағылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157978-almaty-akimdigi-dosaevtyng-komekshisi-ustalgany-turaly-aqparatty-zhoqqa-shygardy/