Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үсік, жаңбыр, қар: демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

7 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, республиканың шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Тек елдің батысында, солтүстік-батыс антициклон сілемімен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан бойынша жел күшейеді деп болжануда. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда тұман күтіледі.

7 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталықта, 8 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2158191-usik-zhangbyr-qar-demalys-kunderi-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/