Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шымкенттік тұрғындар үшін ауыз су мәселесі өзекті": қалада қысым реттегіш құрылғылары артады

Жарияланған күні:

Крандағы су
Крандағы су. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте су қысымын реттейтін 27 станция миллионды қала үшін аздық етеді. Сондықтан қалада реттегіш құрылғысын көптеп орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ontustiktv.kz-ке сілтеме жасап.

Жаз-күз айларында шымкенттік тұрғындар үшін ауыз су мәселесі өзекті болады. Себебі  жұрт бұл уақытта суды екі есе көп пайдаланады. Оған қоса үй іргелік жерлердегі бау-бақшаны да суғарады. Бұл біріншіден ысырап болса, екіншіден, су қысымының азаюына әкеп соғады.  Тіпті  қаланың биік жерінде орналасқан үйлерге келуі қиындайды. Бұл мәселені шешу мақсатында бірқатар ықшам аудандарда су қысымын реттегіш станциясы орнатылып жатыр.  

"Жайлы жағдайда істеуі үшін қысымның мөлшері тұрақты және бірқалыпты болуы керек. Қысым төмен түсіп кетсе, білесіздер, су жетіспей қалады. Қысым артық болып кетсе, құбырларда ақаулар шығады, мезгілсіз жарылыстар болады, су шығыны болады. Ең тиімді жолы – қысымды реттеу", - дейді бас технолог Нуриддин Жарболов.

Коммуналдық мекеме қаладағы тозығы жеткен құбырларды ауыстырып жатыр. Бұл жұмыстар Самал-3, Тұран, Ұлағат, Бадам-1 ықшам аудандарында  атқарылған. Су құбыры және канализация басқармасына қарасты су құбырының ұзындығы – 4854 шақырым. Қазіргі таңда оның 4,5 пайызы тозған.    Қалада 27 су қабылдағыш және  49 кәріз сорғы станциясы бар. Бұл нысандар тұрғындарды сапалы және тұрақты сумен қамтып, сарқынды су жүйесін жақсартуға септігін тигізіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2158282-shymkenttik-turgyndar-ushin-auyz-su-maselesi-ozekti-qalada-qysym-rettegish-qurylgylary-artady/