Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді Шымкенттегі әрбір көшеге электронды төлқұжат беріледі

Жарияланған күні:

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкенттің әр көшесінің ойықтары мен ақаулары туралы деректер жазылған электронды төлқұжаты пайда болады. Қалада жолдардың жай-күйінің электронды базасы жасалып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24KZ арнасына сілтеме жасап.

"Мамандар әр учаскені мұқият зерттеп, алғаш рет жол желісін толық тексеріп жатыр. Бұрын бұл ақпарат тек қағаз түрінде болғандықтан, талдау барысында көптеген қиындықтар туғызған еді", - деп атап өтті Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Өмір Қалыбаев.

Цифрлық технологиялар жол жөндеу жұмыстарын тиімдірек жоспарлауға көмектесуі тиіс. Сарапшылар қаладағы барлық жолды зерттеу және талдау процесін аяқтағаннан кейін құрылысқа қолайлы құрылымдарды таңдауға қатысты сараптамалық қорытынды береді. Бұл белгілі бір жол учаскелеріндегі қозғалысты және жүктемені ескере отырып жасалады.

"Қазіргі уақытта жұмыстың 50 пайызы орындалды, жыл соңына дейін 100 пайызға бітіреміз деп отырмыз. Жыл соңында жол жағдайларының электронды базасы пайда болады", - деп хабарлады Өмір Қалыбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2158311-endi-shymkenttegi-arbir-koshesine-elektrondy-tolquzhat-beriledi/