Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзін әкімнің орынбасары деп таныстырған": Өскеменде жазасын өтеуші түрмеде отырып, кәсіпкерді сан соқтырған

Жарияланған күні:

Түрме
Түрме. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Өскемен қаласында алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан ер адамға сот үкімі шықты. Ол облысы әкімі орынбасарының атын жамылып, кәсіпкерлердің бірін алдап, 50 млн теңге қаржысын иемденген. Бұл туралы Антикорға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Өскемен қаласының соты алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан А. Әбдірахмановқа қатысты үкім шығарды.

"Ол ұялы телефонға қол жеткізе отырып, өзін облыс әкімінің орынбасары ретінде таныстырып, су тасқынының салдарын жоюға көмек көрсету мақсатында өңірдің ірі кәсіпкерлеріне қоңырау шалған.

Сотталушы бизнес субъектісіне одан әрі жеңілдіктер мен преференциялар беру сылтауымен кәсіпкердің 50 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен бұрын шығарылған жазаны қосу арқылы оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Түрлі апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсетуге байланысты алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды қырағылыққа және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2158318-ozin-akimning-orynbasary-dep-tanystyrgan-oskemende-turmede-otyryp-kasipkerdi-san-soqtyrgan-er-adam-sottaldy/