Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе қаласының аумағы кеңейтілуі мүмкін

Жарияланған күні:

Ақтөбе қаласы
Ақтөбе қаласы. Фото: Евгений Хабаров/ Getty Images

Ақтөбе қаласының аумағын 180 гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының шекаралары оның шекарасына "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы ауданы 180,1 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан қосу арқылы өзгертілсін.

Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласының шекаралары жалпы ауданы 53 442,1 гектар болып белгіленсін", - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Құжат жобасы 20 қыркүйекке дейін ашық талқылауға шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2158390-aqtobe-qalasynyng-aumagy-kengeitilui-mumkin/