Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облыстық сотының төрағасы Вячеслав Салий қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Вячеслав Салий
Вячеслав Салий. Фото: senate.parlam.kz

Қостанай облыстық сотының төрағасы Вячеслав Салий мен облыстық соттың судьясы Сергей Нұров құрметті отставкаға кетті, деп хабарлайды облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қостанай облысы соттарының ресми Telegram-арнасында атап өтілгендей, Қостанай облысының сот корпусы облыстық соттың төрағасы Салий Вячеслав Васильевич пен облыстық соттың судьясы Нұров Сергей Мұратұлын құрметті отставкаға шығарып салды. В. Салий сот жүйесінде 37 жылдан астам, ал С.Нұров 25 жылдан астам жұмыс істеген, кәсіби ортада абыройлы және жоғары беделге ие мамандар. Сот төрелігін жүзеге асыруда адал қызмет еткені үшін олар "Құрмет" орденімен марапатталған.

Судьялар
Судьялар. Фото: t.me/QostanaiOblystyqSoty0

"Облыстық соттың судьялары Василий Салийге дана және жанашыр басшы болғаны үшін, ал Сергей Нұровқа сот істерін қараудағы білімі мен тәжірибесі үшін алғыстарын білдірді.Құрметті отставкаға шығарып салды", - делінген сот хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2158480-qostanai-oblystyq-sotynyng-toragasy-viacheslav-salii-qyzmetinen-ketti/