Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар тұтынушылар мен сатушыларға шаш түзеткішіне қатысты кеңес берді

Жарияланған күні:

Шашын түзеп жатқан қыз
Шашын түзеп жатқан қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің мамандары тұтынушылар мен сатушыларға шаш түзеткіш құрылғысына ке қатысты кеңес берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шаш түзеткіштері көптеген адамдар үшін шаш күтімі арсеналында маңызды құралға айналды. Дегенмен бұл құрылғылардың қауіпсіздігі мен олардың белгіленген стандарттарға сәйкестігі –тұтынушыларды қорғаудың негізі. Тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың хабардарлығын арттыру мақсатында "МОТҚҚҚ" ҚБ азаматтарды тұтыну тауарларының сапасы мен ықтимал қауіптерге қатысты ақпараттандыруды жалғастыруда.

"MOТҚҚҚ" қоғамдық бірлестігінің өкілі Тараздағы дүкендердің бірінен жасырын сатып алушы әдісімен ROZIA PRO HR 860 түзеткішін сатып алған. Келесі кезекте құрылғының қолданыстағы сапа стандарттары мен Қазақстан заңнамасына, атап айтқанда, "Төменвольтты құрылғылардың қауіпсіздігі туралы" және "Техникалық жабдықтардың электромагниттік үйлесімділігі" стандарттарына сәйкестігін тексеру үшін тауар "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ Астана қаласындағы филиалының аккредиттелген сынақ орталығына тапсырылды.

2024 жылдың 14 тамызындағы № 3143Е сынақ хаттамасына сәйкес, сараптама төмендегідей сәйкессіздіктерді анықтады:

1. Таңбаламада: өндірушінің атауы немесе тауар белгісі, шығарылған елі, номиналды жиілігі, ваттағы номиналды қуат тұтынуы немесе ампердегі номиналды ток туралы ақпараттың болмауы;

2. Пайдалану құжаттамасы: құрылғының мақсаты, құрылғының сипаттамалары мен өлшемдері туралы, қауіпсіз пайдалану ережелері мен шарттары жайында, орнату, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату, егер қажет болса, қабылданатын шаралар туралы ақпараттың болмауы; ақаулық анықталған жағдайда өндірушінің, импорттаушының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ олармен байланысу ақпараты жоқ; өндірілген айы мен жылы көрсетілмеген.

3. Пайдалану құжаттамасы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген.

Адам құқықтары жөніндегі сарапшы Жанна Биятан "бұл сәйкессіздіктер үтікті пайдаланудың қауіпсіздігі мен қолайлылығына елеулі әсер етуі мүмкін" деп санайды. Мысалы:

1. Шығарылған еліне қатысты деректердің болмауы құрылғының шығарылған қауіпсіздік стандарттарын бағалауды қиындатады;

2. Құрылғыны дұрыс пайдаланбау (номиналды жиілігі мен қуатын тұтынуды білмей) қызып кетуге, қысқа тұйықталуға немесе басқа да апаттарға әкелуі мүмкін;

3. Тұтынушылар құрылғыны қауіпсіз пайдалану жөніндегі анық ақпараттарсыз жарақат алу немесе мүлікті зақымдау сияқты қауіптерге ұрынуы мүмкін.

4. Ақаулықты түзету немесе құрылғыны пайдалануға қатысты нақты нұсқауларсыз денсаулық пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдайлар орын алуы мүмкін.

5. Өзіне қолжетімді тілдердегі құжаттамасыз қазақстандық тұтынушы құрылғыны қалай дұрыс пайдалану керектігін түсіне алмайды, бұл құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне, сол сияқты денсаулыққа қауіп төндіретін төтенше жағдайлардың туындау қаупін арттырады".

Шаш түзеткіш құрылғысы
Шаш түзеткіш құрылғысы. Фото: Биятан Жанна

Айыппұлдар мен әкімшілік жазаларды болдырмау үшін "МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшысы Алия Алибекова тұтынушылардың қауіпсіздігі мен қанағатын қамтамасыз ету мақсатында сатушыларға келесідегідей ұсынымдарды ұсынады:

1. Толық ақпарат алу үшін таңбаламаны тексеріңіз: Сатушылар қаптамасы мен құрылғысында барлық қажетті ақпараттың, оның ішінде шыққан елі мен құрылғының сипаттамаларына қатысты ақпараттардың көрсетілгеніне көз жеткізуі керек.

2. Сатып алушыларды сәйкестік сертификаттарымен қамтамасыз ету: Бұл өнімнің қауіпсіздігін растайды және тұтынушылардың сенімін арттырады.

3. Қызметкерлерді оқыту: Кеңес берушілер (консультанттар) тұтынушыларға өнім, оның сипаттамалары мен пайдалану ережелеріне қатысты толық ақпарат беруге дайын болуы тиіс.

Өздері мен отбасы мүшелерін ықтимал қауіптерден қорғау үшін тұтынушылар мынаны білуі маңызды:

1. Құрылғыда барлық қажетті ақпараттар – шығарылған елі, қуаты, қорғаныс класы мен қызмет ету мерзімі көрсетілгеніне көз жеткізіңіз. Бұл мәліметтер жабдықты дұрыс пайдалану мен қиындықтарды болдырмауға көмектеседі.

2. Түбіртектер мен қаптамаларды құрылғының қызмет ету мерзімі бойы сақтаңыз: Бұл құжаттар өнімге қатысты мәселелер туындаған жағдайда немесе сәйкессіздіктерді тапқан кезде қажет болады.

3. Сатып алғаннан кейін пайдалану барысында ақаулық тапсаңыз, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз немесе сатушыға шағым жазыңыз. Сатушы сіздің шағымыңызға 10 күн ішінде жауап беруі керек.

4. Жабдықты сатып алғанда, сатушыдан оның қауіпсіздігі мен стандарттарға сәйкестігін растайтын құжаттарды сұраудан тартынбаңыз.

Сөз соңында Жанна Биятан: "Құрылғыларды таңдауға және пайдалануға жауапкершілікпен қарау көптеген ықтимал қауіптердің алдын алуға және отбасыңыздың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтауға мүмкіндік береді, ал тұрмыстық техниканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өндірушілер мен сатушылардың ортақ жауапкершілігі. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз әр үйде технологияны пайдаланудың қауіпсіздігіне жағдай жасай аламыз" дегенді қосты.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "МОТҚҚҚ" қоғамдық ұйымы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ жарнама болып табылмайтын басқа да ақпараттарды таратуға құқылы, бұл тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2158524-mamandar-tutynushylar-men-satushylarga-shash-tuzetkishine-qatysty-kenges-berdi/