Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дубайдағы пәтерінен пайда таппаған қазақстандық миллиондаған соманы өндіріп алды

Жарияланған күні:

Дубай
Дубай. Көрнекі фото: pixabay.com

Орал тұрғыны БАӘ-дегі пәтерден пайда көрмей, 3,2 миллион теңге өндіріп алды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық сотында айтылды, деп хабарлайды "Мой город".

Сотта анықталғандай, 2023 жылы Орал қаласының тұрғыны мен ЖШС арасында жылжымайтын мүлікті сатудан ақша табу мақсатында оқыту қызметін көрсетуге шарт жасалған.

Оқыту құны 1,6 млн теңге болған. ЖШС-нің ұсынысымен шарт жасасқаннан кейін әйел Дубайдан құны 908 мың АҚШ доллары болатын 1 бөлмелі пәтер алу үшін БАӘ-дегі құрылыс компаниясына 18 016 дирхам және 40 734 дирхам аударған.

"Шартқа сәйкес, егер тапсырыс беруші курста алған барлық теориялық және практикалық білімдерін пайдалана отырып, 12 ай ішінде 1,6 млн теңге сомасында қаржылық нәтижеге қол жеткізбесе, сондай-ақ орындаушы ұсынған жылжымайтын мүлік жобаларына инвестиция салудан пайда алмаса, тапсырыс берушіге оқу ақысының барлық сомасын қайтаруға және 5 жұмыс күні ішінде қосымша 1,6 млн теңге төлеуге міндеттенеді", - делінген Батыс Қазақстан сотының хабарламасында.

Алайда осы күнге дейін пәтерді сату мүмкін болмай, қазақстандық тұрғын инвестициядан пайда көрмеген. Сол себепті ол сотқа жүгініп, ЖШС-дан 3,2 миллион теңге өндіріп алуды ұйғарды.

Сот істі қарап, оның талап арызын қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Ол заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2158554-dubaidagy-paterinen-paida-tappagan-qazaqstandyq-milliondagan-somany-ondirip-aldy/