Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балалар құлап кете ме деп қорқамыз": Атырауда қараусыз қалған нысан қауіп төндіріп тұр

Жарияланған күні:

Аяқталмаған құрылыс
Аяқталмаған құрылыс. Фото: Әйгерім Сайқын

Атырауда құрылысы орта жолдан тоқтап қалған нысан адам өміріне қауіп төндіріп тұр. Ашық-тесік биік ғимаратта балалар жиі ойнайтынына тұрғындар алаңдаулы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Т. Жұмағалиев көшесіндегі құрылысы аяқталмаған 5 қабаттан тұратын ғимарат қаңырап бос тұр. Тұрғындар сол маңайда балалардың, жасөспірімдердің көп жүретінін айтады. Олар жеткіншектер жазатайым оқиғаға ұшырай ма деп алаңдаулы.

"Осы құрылысы бітпей қалған үйдің қаңырап тұрғанына ұзақ жылдар болды. Басшысы сотталып жатыр деп естідік. Құрылыстың айналасы қоршалмаған, күн сайын оқушылар, кішкентай балалар, жасөспірімдер биікке шығып алып жүреді. Құлап кете ме деп қорқамыз. Одан қалса үйі жоқ қаңғыбастар да осы жерге жиі келеді. Неге басшылар бір жағына шығармайды? Әлде міндетті түрде біреу зардап шегуі керек пе?" - дейді Нұрсая ықшам ауданының тұрғыны Назгүл Абатқызы.

Әлеуметтік желіде де жергілікті тұрғындар аяқталмаған құрылыстың адам өміріне қауіп төндіріп тұрғанын жазуда.

Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде құрылыс иесіне қатысты сот процестері жүріп жатқан көрінеді.

"Т. Жұмағалиев көшесінде орналасқан "Байсанат” тұрғын-үй кешенінің құрылысы 17 пайызға аяқталған. Қазір сот процестері жүріп жатыр", - деп жауап берді Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының маманы.

Осыған дейін жазғанымыздай, "Байсанат" тұрғын үй кешені Атыраудағы проблемалық тұрғын-үй кешендерінің бірі. 2019 жылы біраз салымшы осы кешенге ақшасын алып, ақыры құрылыс соңына дейін бітпей қалған. Қазір тұрғындар нысан иелерімен соттасып жатыр.

Авторы: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2158578-balalar-qulap-kete-me-dep-qorqamyz-atyrauda-qarausyz-qalgan-nysan-qauip-tondirip-tur/