Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бір өңірінде қар жауады деп күтілуде

Жарияланған күні:

Қар
Қар жауып тұрған сәт. Көрнекі сурет: ANATOLII STEPANOV/AFP via Getty Images

Жексенбі, 8 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Еліміздің шығысында қар жауады, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шымкент қаласында 8 қыркүйекте төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 08 қыркүйекте күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

8 қыркүйекте Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

8-9 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, күндіз найзағай күтіледі. 08-09 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 08-09 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

8 қыркүйекте күндіз Алматы облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

8 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батыстан, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

8 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

8 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

8 қыркүйекте Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 08 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 08 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

7 қыркүйекте Маңғыстау облысында, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста төтенше өрт қауіпі сақталады.

8 қыркүйекте Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

8 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік сақталады.

8 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

8 қыркүйекте Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2158596-qazaqstannyng-bir-ongirinde-qar-zhauady-dep-kutilude/