"Бесінші қабаттан лақтырып жібереміз": астаналық балалардың қауіпті ойыны видеоға түсіп қалды
Жарияланған күні:
Желіде бір топ бала бір баланы бесінші қабаттан лақтыратынын айтып, сол жоспарды іске асырмақ болғаны бейнеленген видео пайда болды. Бұл жағдайға полиция өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видео Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланды. Видеоны балалардың бірі түсіріп алған, ол да баланы бесінші қабаттан лақтырғалы жатқанын хабарлайды. Балалардың бірі "ол өзіне-өзі қол жұмсауды өтінгенін" айтады, ал кадрдағы бала бұл сөзді растамайды.
Видеода балалар баланың қол-аяғын ұстап, үшінші қабатқа апарады. Лифтіде бала қарсылық танытқан. "Оператордың" мына сөзіне қарағанда, жәбірленуші бала басқаларға тым ауыр болып көрінген:
"Салмағы 40 кг сияқты, Менің өз салмағым 50 кг!", - деді ол. Сол себепті олар баланың үстіндегі күртешесін лақтырып жіберген.
"Тағы бірдеңе лақтырып жіберіңдерші! (...) Бірақ олар кетіп қалды", - дейді "оператор" видеоның соңында.
"Баланың ата-анасы полиция қызметкерлерінен кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр", - деп жазады басылым авторлары.
NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін Астана полициясына хабарласты.
"Бұл факт тіркелді, оқиғаның барлық қатысушысы анықталды, мән-жайлар заңды өкілдердің қатысуымен анықталып жатыр. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екені нақтыланып отыр", - деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159130-besinshi-qabattan-laqtyryp-zhiberemiz-astanalyq-balalardyng-qauipti-oiyny-videoga-tusip-qaldy/