Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тыныштық жоқ": блогерге алдандық деген әйелдер Алматы прокуратурасының алдына жиналды (видео)

Жарияланған күні:

Прокуратура алдындағы адамдар. Видеодан кадр
Прокуратура алдындағы адамдар. Видеодан кадр: КТК арнасы

Алматыда Қытайдан ірі тауар жеткізуші Айс Мұратова деген атпен танылған Арайлым Қожамұратованың клиенттері оның туыстарын жауапқа тартуын талап етті. Бұл туралы КТК телеарнасы сайты хабарлайды.

Алматыда шарасыз қалған әйелдер қалалық прокуратураның алдына жиналды. Олар ірі алаяқтыққа қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын анықтауға тырысуда.

Әйелдердің сөзінше, олар миллиондаған теңгені күдіктінің өзіне ғана емес, жақындарына да аударған. Туыстары сол ақшаны жұмсап өмір сүріп жатқан көрінеді. Жәбірленушілер "қымбат мүліктерді тәркілеп, ақшамызды қайтарса" дейді.

"Бағасы тиын болды. Мысалы, бізде 11 мыңдық шәйнектер мың жарым теңге, мың теңге болып шығатын. Қасықтары 700-800-1000 теңгеден асып кетсе, солай боп шығатын. Ауру болдық, ішіміздегі баламыз түсті, өз-өзімізге қол жұмсаған күн де болды. Қан қысымым жиі көтеріледі. Қатты шаршадым", - деді Тараз тұрғыны Гүлназ Мәлікова.

Жұртты сендіру үшін әйел бастапқыда тауар жіберген, тапсырыс көлемі арта түсіпті. Тіпті көтерме саудамен айналысқысы келетін өзге адамдардан онлайн тапсырыс жинаған. Ақыр аяғында не тауар, не ақша жоқ. Бәрі клиенттеріне қыруар қаражат қарыз болып шыға келіпті.

"Жан-жақтан жеп жатыр. Ақшамызды қайтар, біз Айсты танымаймыз, біз саған салдық, сен ақшаны қайтар бізге, қалай болса да тауып бер, қай кезде бересің деп күнде жазады, күнде телефон соғады, тыныштық жоқ", - деді алматылық Інжу Әбдіханиева.

Тақырға отырған саудагерлер миллиондарды Арайлымның туыстарына да жібергенін айтады. Сондықтан "олар да жазаланса" дейді. 

"Өзімде мың адам бар. Мың адамнан тапсырыс алып, Айсқа 100 миллионның үстінде тауарға ақша өткіздім. Ақшаны тек өзі емес, бүтін тума-туысқаны, інілеріне жіберткізді. Бәрі Гелендваген, неше түрлі қымбат-қымбат, 60 миллион, 130 миллионның көлігін айдап жүр. Әр інісіне, анасына үй сатып алып берген", - деді Марина Ғапсаттарова.

Зардап шеккендер Айс Мұратованың туыстарының мүлкі тәркіленіп, ақшамыз қайтарылса дейді. Ал күдіктінің өзі қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Өткен жылдың тамыз айында оған қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бір жылдан аса уақыт өтсе де, тергеу әлі жалғасып жатыр.

"Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚК 190-бабының 4-тармағы аса ірі көлемде алаяқтық дерегі бойынш бойынша қылмыстық істі тергеуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген барлық тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159407-tynyshtyq-zhoq-blogerge-aldandyq-degen-aielder-almaty-prokuraturasynyng-aldyna-zhinaldy-video/